Аяғы ауыр әйел қалай Намаз оқу керек?

Өзіне қалай ыңғайлы болса солай оқиды. Тiк тұра алмайтын адам намазын отырып оқиды, руку үшiн денесiн бiраз иедi, сосын денесiн түзу ұстап, кейiн жерге екi рет сәжде жасайды. Қалай отыру ыңғайлы болса солай отырады. Тiзерлеп отыруына да, малдас құрып отыруына да болады. Бiр нәрсеге сүйенiп тіке тұра алатын адам сүйенiп намаз оқиды. Көп тұра алмайтын адам ифтитах тәкбiрiн тұрып, ал ауыра бастағанда намазын отырып жалғастырады.

Жерге сәжде жасай алмайтын адам аяқта тұрып оқып, руку және сәжде үшiн отырып ишарат етедi. Отырғанда руку үшiн азырақ, ал сәжде үшiн одан көбiрек иiледi. Денесiн ие алмаған адам басын иедi. Бiр нәрсенiң үстiне басын қою шарт емес. Бiр нәрсенің үстiне сәжде ететiн болса сәжде үшiн рукуден көп иiлген болса ғана намазы дұрыс болғанымен мәкрух болады. Сүйенiп отыруға мүмкiндігі бар кісінің ишаратпен жатып оқуы жаиз емес. Хазреті пайғамбарымыз алейһиссалам бiр ауруды зиярат еттi оның қолымен жастықты көтерiп соған сәжде еткенiн көрiсiмен жастықты алып тастады. Ауру адам ағашты көтерiп оның үстiне сәжде еттi. Ағашты да алып тастады.

Кейін былай дедi: «Күшiң жетсе жерге сәжде ет, жерге иiле алмасаң бетiңе бiр нәрсе көтерiп оның үстiне сәжде етпе. Ишарат етiп оқы, сәждеде рукуден көбiрек иiл.» «Бахр-ур-Раиқ» атты кітапта бұған қосымша ретiнде келтірілген Ал-Имран сүресiнiң 191-аятында: «Намазды күшi жеткен түрегеп оқиды. Күшi жетпеген отырып, бұған да күшi жетпеген жатып оқиды», деп бұйырады. Имран бин Хусайн науқастанғанда Расулуллаһ алейһиссалам оған: «Тұрып оқы, шамаң жетпесе отырып оқы, бұған да күшiң жетпесе жантайып немесе шалқайып жатып оқы» деп бұйырған. Бұлардан көрініп тұрғанындай, тұрып оқи алмаған ауру отырып оқиды, отыра алмаған жатып оқиды. Бірақ орындық және креслоға отырып оқуға рұқсат етілмеген. Науқастың немесе автобус не ұшақта сапар шегіп бара жатқан кісінің креслода намаз оқуы исламға сай емес, жерге отырып немесе тұрып оқу керек. Бiр нәрсеге сүйенiп отыра алмаған ауру, шалқасынан жатып, шалқасынан да жата алмаса оң жағына жатып басымен ишарат етедi. Қыблаға бетiн бұра алмаған адам оңтайлы жағына қарап оқиды.

Шалқасынан жатқан адамның басының астына бiр нәрсе қойып, жүзiн қыблаға қаратады. Тiзелерiн бүгіп аяғын қыблаға созбау абзал. Басымен ишарат жасай алмаған адам намазын қазаға қалдыруы жаиз.

https://www.islamdini.kz