Бес уақыт намазды дереу оқу керек пе?

Сұрақ: Бес уақыт намазды жамағатпен немесе жалғыз оқығанда уақыты кіргенде дереу оқу керек пе, әлде біраз уақыт өткізіп оқыған жөн бе?

Жауап: Таң намазын барлық мезгілде дала жарық бола бастағанда оқу мүстаһаб. Жамағатпен бесін намазын жаздың ыстық күндерінде кеш, ал қыста ерте оқу мүстаһаб. Ақшам намазын әр уақытта ерте оқу мүстаһаб. Құптанды шариғи түннің, яғни күн батып, жарығы жоғалғаннан бастап имсак уақытына, яғни таң атқанға дейінгі уақыттың үште бірін өткізіп оқу мүстаһаб. Түннің жартысынан кейінге қалдыру тахримән мәкрух. Бұл кешіктірулердің барлығы жамағатпен оқитындарға қатысты. Үйінде жалғыз оқитын кісі барлық намазды уақыты кірген сәтте оқуы керек. «Кунуз-уд дақаиқ» кітабында жазылған Хаким мен Тирмизи хабар берген хадис шәрифте:

«Ғибадаттардың ең құндысы – уақытының басында оқылған намаз» делінген. «Изалет-ул хафа» кітабында жазылған Мүслимдегі хадис шәрифте:

«Бір заман келеді, әмірлер, имамдар намазды өлтіреді, уақытынан кейінге қалдыратын болады. Сен намазыңды уақытылы оқы! Сенен кейін жамағат келсе, олармен бірге қайтадан оқы! Екінші оқығаның нәпіл болады» делінген.

Екінді мен құптанды Имам Ағзам хазіреттің қаулысы бойынша оқу сенімді болады. Түнде ояна алмайтындар үтір намазын бірден құптаннан кейін оқуы керек. Құптаннан бұрын оқитын болса, онда қайтадан оқиды. Ал түнде ояна алса, онда түннің соңында оқығаны жөн.

Сұрақ: Өз баласын немесе біреудің балаларын, қызметшілерін жұмсау, оларға жұмыс істеткізу, хабаршы ретінде бір жерге жіберу діни тұрғыда дұрыс па?

Жауап: Бұл туралы «Хадиқа» кітабында былай делінген:

«Зәрулік болмастан бір нәрсе сұрау харам болғанындай, ақысыз біреуді жұмсау, жұмыс істеткізу де харам. Біреудің баласын, қызметшісін жұмсау одан асқан күнә. Мүслимде Абдуллаһ ибн Аббас хазірет былай деген: «Балалармен ойнап жүрген едім. Кенеттен Расулуллаһ (алейһиссалам) келіп қалды. Мен есіктің артына тығылып қалдым. Қасыма келіп, арқамды сипады. «Бар, маған Муауияны шақырып кел» деді.» Бұл хадис шәриф бойынша, балалардың харам болмаған ойындарды ойнауының рұқсат екендігі, балаға біреуді шақырып келуді тапсыруға болатындығы және ұсақ-түйек жұмыстарға жұмсауға болатындығы аңғарылады. Өзінің кішкентай баласын, қызын, немересін жұмыста қолдану кедей кісіге немесе баланы тәрбиелеу, жетілдіру үшін болса, рұқсат. Баланың өз әкесіне қызмет етуі уәжіп.»

https://www.islamdini.kz