Минет жасауға бола ма?

Сұрақ: Әдепсіз сұрағым үшін кешірім сұраймын. Осы «оралды қатынас» жасау жаиз ба?

Жауап: Кәпірлердің жаман әдеттерінің бірі болған орал қатынастан ұзақ тұру керек. 

«Орал қатынас», «минет» немесе «кунилингус» деген аттармен аталатын бұл бұрмаланған қыңыр қатынас — еркектің әйелдің аузына спермасын ажырату және әйелдің жыныстық мүшесін жалап оргазмға жеткізу деген сөз.

Пайғамбарымыз  (алейһиссалам) бір хадис шәрифте былай бұйырған: «Жыныстық қатынас кезінде фәржге [әйелдің жыныстық мүшесі] қарамаңдар, бұл соқыр болуға [көру қабілетінің бұзылуына] себеп болады.»[Дәйләми, ибн Ади] Қараудың өзіне тыйым салынғаннан кейін ауызға алу, жалау әрине жаиз [рұқсат] болмайды.

Ерлі-зайыптылар төсекте бір-бірін қоздыру үшін сүйіп, аймалау, ойнасу секілді тәсілдерден пайдаланулары керек әрі бұл оларға жеткілікті. Тіземен кіндік арасынан басқа бүкіл денені сүюге болады.

«Фәтәуа-и Хиндиййа» кітабында былай делінген: «Нәуазил кітабында бір еркек жыныстық мүшесін әйелінің аузына салса, тигізсе, бұл мәкрух болады деген. «Заһирә» кітабында да солай делінген.»

Бұл жерде тек «салса-тигізсе» дейді, «жаласа» демеген. Фиқһ кітаптарында «мәкрух» деген сөз қолданылса, бұл тахримән мәкрух [харамға жақын мәкрух] дегенді аңғартады. Салғанның өзі харамға жақын іс болғандықтан жалаудың қаншалықты жаман қылық екені белгілі болады.

Орал қатынас,  минет деген жаман әдеттерді арттырған жұптар көбінесе анал қатынасқа да түсіп жатады. Мұндай бәленің мұсылмандар арасына да кейбір дүмшелер таратуға тырысып жатқанын кездестірудеміз. Құран кәрімнің Бақара сүресінің 223- аятында: «Әйелдеріңіз [бала жетілетін] егістік жерлеріңіз. Егістік жерлеріңізге қалаған жақтарыңыздан бара аласыздар.» делінген. Осы аяттан кейбір мазһабсыз дүмшелер анал [арттан] қатынасқа рұқсат екен деген тұжырым жасайды. Алайда оның алдындағы аятта былай деп бұйырылған: «Әйелдерің хайздан [етеккір] тазарғаннан кейін Аллаһтың сендерге бұйырған [рұқсат еткен] жерінен оларға жақындаңдар.» [Бақара 222]

Рұқсат етілмеген жерден, анал тесігінен, яғни арттан қатынас жасау — лиуата, үлкен күнә болады. Өйткені Ислам ғұламалары:

«Лиуата [арттан қатынас] зинадан [некесіз қатынастан] да ауыр харам.» [Бахр-ур-раиқ, Радд-ул-мухтар]

https://www.islamdini.kz