Оразаның Қандай Түрлері Бар?

Ора­за – па­рыз, уә­жіп, нә­піл жә­не мәк­рүһ бо­лып төр­тке бө­лі­не­ді.

 Па­рыз ора­за

Па­рыз ора­за екі­ге бө­лі­не­ді:

  1. Та­ғайын­дал­ған ора­за: Ра­ма­зан ора­за­сы.
  2. Та­ғайын­дал­ма­ған ора­за: Қа­за­ға қал­ған ора­за мен «кәф­фа­рат» ре­тін­де ұс­тал­ған ора­за­лар.

Уә­жіп ора­за

Бұл да екі­ге бө­лі­не­ді. Атау (нә­зір) ора­за­сы сияқ­ты. Бел­гі­лі бір уа­қыт­та тұ­та­мын деп, уа­қыт бел­гі­леп тұт­қан ора­за – та­ғайын­дал­ған уә­жіп ора­за. Нақ­ты уа­қыт бел­гі­ле­мей кез кел­ген бір кү­ні не­ме­се айда тұ­та­мын деп ата­ған ора­за – та­ғайын­дал­ма­ған уә­жіп ора­за. 

Нә­піл ора­за

Бұл – сүн­нет, мұс­та­хап, мән­дүп бо­лып үш­ке бө­лі­не­ді.

Нә­піл ора­за­лар мы­на күн­дер­де ұс­та­ла­ды:

Күнара тұ­ту

Бұл ең жақ­сы ора­за. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Ең сауап­ты ора­за – Дәуід­тің (а.с.) ұс­та­ған ора­за­сы. Дәуід бір күн ора­за ұс­тап, бір күн ұс­та­май­тын». Аб­дул­лаһ ибн Омар «Мен одан да көп ұс­тай ала­мын», – де­ген кез­де Аллаһ Ел­ші­сі: «Бұ­дан жақ­сы­сы жоқ», – деп жауап қай­тар­ды[1]. 

Әр айда үш күн ора­за ұс­тау

Әр ай­дың он үшін­ші, он төр­тін­ші, он бе­сін­ші кү­ні ора­за ұс­тау – мұс­та­хап. Әбу Зәр­дың риуаяты бойын­ша, Аллаһ Ел­ші­сі (с.ғ.с.) бы­лай дейді: «Әр айда үш күн ора­за ұс­та­ғың кел­се, ай­дың 13, 14, 15-ші күн­де­рін­де ұс­та»[2].

Әр ап­та­ның дүй­сен­бі, бей­сен­бі күн­де­рі ора­за ұс­тау

Уса­ма ибн Зәйд­тің риуаят етуі бойын­ша, Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.) дүй­сен­бі жә­не бей­сен­бі күн­де­рі ора­за ұс­тай­тын. Одан «Не­ге бұл күн­де­рі ұс­тай­сыз?» деп сұ­ра­ған­да: «Адам­дар­дың іс­те­рі Аллаһ­қа дүй­сен­бі мен бей­сен­бі күн­де­рі тап­сы­ры­ла­ды», – де­ді. Бас­қа бір риуаят­та «Ұлы Раб­бы­ма ме­нің іс­те­рім­нің ора­за ұс­та­ған ке­зім­де ұсы­ны­луын қа­лай­мын», – де­ген қо­сым­ша сө­зі бар[3].

Шәууәл айын­да ал­ты күн ора­за ұс­тау

Бұл ора­за­ны сол ай­дың ішін­де кез кел­ген кү­ні үз­бей бі­рі­нен кейін бі­рін не­ме­се үзіп-үзіп ұс­тауға бо­ла­ды. Бі­рақ айт­тың ар­тын­ша ке­зек­пен де­реу бә­рін ұс­та­ған аб­зал. Қа­за, атау, т.б. ора­за­ны осы күн­дер­де ұс­та­са дәл сол сауап­ты ала ала­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.) бы­лай дейді: «Кім­де-кім Ра­ма­зан­ды ора­за­мен өт­кі­зіп, бұ­дан кейін­гі шәууәл айын­да ал­ты күн ора­за ұс­та­са, жыл бойы ора­за ұс­та­ған­мен бір­дей[4]. 

Ара­фа кү­нін­де ора­за ұс­тау

Қа­жы­лық­та бол­ма­ған адам­ның Зил­хиж­жа­ның то­ғы­зын­шы кү­нін­де ора­за ұс­тауы – мұс­та­хап. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.) бы­лай дейді: «Ара­фа кү­ні ұс­тал­ған ора­за­ның бұ­рын­ғы жә­не ке­ле­шек­те­гі бір жыл­дық кү­нә­лар­дан арыл­та­ты­ны Алладан үміт етіл­ген[5].

Му­хар­рам айы­ның то­ғы­зын­шы, онын­шы (ашу­ра) жә­не он бі­рін­ші күн­де­рі ора­за ұс­тау мұс­та­хап не­ме­се сүн­нет

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.) Мә­ди­на­ға кел­ген кез­де яһу­ди­лер­дің (ев­рей) ашу­ра кү­ні ора­за ұс­та­ға­нын кө­ріп, «Бұл қан­дай ора­за?» – деп сұ­ра­ды. Оған: «Бұл – ұлы күн. Аллаһ бұл кү­ні Мұ­са мен Ис­райл ұр­па­ғын дұш­пан­дар­дан құт­қар­ған. Сон­дық­тан осы кү­ні Мұ­са ора­за ұс­тай­тын» – деп жауап қай­тар­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) сон­да: «Мен Мұ­са­ға сен­дер­­ге қа­ра­ған­да әл­де­қайда жа­қын­мын», – де­ді де, осы кү­ні ора­за ұс­тауды әмір ет­ті[6].

Ха­рам ай­лар­да ора­за ұс­тау

Зил­қағ­да, Зил­хиж­жа, Му­хар­рам жә­не Рә­жап айла­ры­ның бей­сен­бі, жұ­ма, сен­бі күн­де­рі ора­за ұс­тау – мән­дүп. 

Шағ­бан айын­да ора­за ұс­тау

Ха­зі­ре­ті Айша бы­лай дейді: «Аллаһ Ел­ші­сі Шағ­бан айын­да ұс­та­ған­дай Ра­ма­зан­нан бас­қа еш­қан­дай айда ора­за ұс­та­май­тын. Ол Шағ­бан айы­ның бә­рін ора­за­мен өт­кі­зе­тін»[7].

Мәк­рүһ ора­за­лар

Мәк­рүһ ора­за­лар «тах­ри­ман» жә­не «тән­зи­һан» мәк­рүһ бо­лып екі­ге бө­лі­не­ді.

Тах­ри­ман мәк­рүһ ора­за. Ра­ма­зан айты­ның бі­рін­ші кү­ні мен құр­бан айты­ның төрт кү­нін­де ұс­тал­ған ора­за­лар тах­ри­ман мәк­рүһ. Өйтке­ні, ол күн­дер – Алланың біз­ге ұсын­ған сый-сыя­пат­ты, қуа­ныш­ты күн­де­рі. Бұл күн­де­рі ора­за ұс­та­ған адам кү­нә­кар бо­лу­мен қа­тар ора­за­сы жа­рам­ды. Мұн­дай ора­за бұ­зыл­са, қа­за­сы өтел­мейді.

Тән­зи­һан мәк­рүһ. Тек қа­на ашу­ра кү­ні ора­за ұс­тау, жұ­ма кү­ні ға­на ора­за ұс­тау жә­не сен­бі кү­ні ға­на ора­за ұс­тау, нау­рыз күн­де­рін­де ора­за ұс­тау – тән­зи­һан мәк­рүһ. Бі­рақ әдет етіп, ұс­тап жүр­ген ора­за­сы сол күн­ге сәй­кес кел­се, еш­те­ңе ет­пейді.

Жұ­ма кү­ні жайлы Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.) бы­лай дейді: «Түн­дер ара­сын­да тек қа­на жұ­ма тү­нін ғи­ба­дат­қа бөл­мең­дер. Бі­рақ кім­де-кім әдет етіп ұс­тап жүр­ген ора­за­сы сол күн­ге сәй­кес кел­се, бұ­дан тыс нәр­се 288Екі күн қа­та­ры­нан ауыз аш­пай ора­за ұс­тау да мәк­рүһ.

Бұл – уи­сал ора­за­сы. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.) үм­бе­ті­не жа­ны ашы­ға­ны үшін бұ­лайша ора­за ұс­тауға тыйым сал­ған. «Сен осы­лай ора­за ұс­тай­сың ғой» деп, сұ­ра­ған­дар­ға Ол: «Мен сен­дер се­кіл­ді емес­пін. Ме­ні Раб­бым ішіп-же­гі­зе­ді», – дейді[8]Кү­мән­ді кү­ні де ора­за ұс­тау – мәк­рүһ. Яғ­ни, Шағ­бан айы­ның оты­зын­шы кү­нін Ра­ма­зан кү­ні ме, әл­де Шағ­бан айы ма деп ас­пан бұлт бол­ған­дық­тан кү­мән пайда бол­са, бұл күн «кү­мән­ді күн» деп ата­ла­ды. Бұл кү­ні ора­за ұс­тау – мәк­рүһ. Тіп­ті екі күн бұ­рын да ора­за ұс­тау – мәк­рүһ.

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.) бы­лай дейді: «Ра­ма­зан­ды бір не­ме­се екі күн бұ­рын ора­за­мен қар­сы ал­маң­дар. Бі­рақ кім­де-кім әде­ті бол­ға­ны үшін ұс­та­са (ұс­тап жүр­ген ора­за­сы осы күн­ге сей­кес ке­ліп қал­са) ұс­та­сын[9]Кім­де-кім осы кү­мән­ді күн­ді ра­ма­зан ора­за­сы­нан деп ұс­та­са, ұс­та­ған ора­за­сы мәк­рүһ бо­лу­мен қа­тар, кейін­нен бұл күн­нің Ра­ма­зан кү­ні еке­ні анық­тал­ған жағ­дайда, бұл ора­за – Ра­ма­зан ора­за­сы са­на­ла­ды.

Әйел­дің күйеуі­нен рұқ­сат ал­май нә­піл ора­за ұс­тауы – мәк­рүһ. Ері оған бұз­ғы­за ала­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.) бы­лай дейді: «Ері жа­нын­да бо­ла тұ­рып, рұқ­сат­сыз ора­за ұс­та­ған әйел­дің ора­за­сы адал бол­майды»[10]. Қа­жы­лар­дың әл­сі­реп қа­лу­ла­ры ық­ти­мал бол­ған­дық­тан «тәруия» жә­не ара­фа кү­ні ора­за ұс­таула­ры – мәк­рүһ. Хайыз не­ме­се ни­фас ке­зін­де­гі әйел­дің ора­за ұс­тауы ха­рам бо­лып, ора­за­сы іс­ке ас­пайды. Қа­за­сын өтейді.

Ақпарат алынды: http://muslim.kz/

[1] Муслим, Сиам, 192.

[2] Бухари, Әнбия, 377.

[3] Әбу Дәәуд, Саум, 60.

[4] Ибн Мажә, Сиам, 33.

[5] Ахмед ибн Ханбәл, V, 196.

[6] Бухари, Саум, 69.

[7] Муслим, Салат, 176.

[8] әш-Шәукани,ІV, 249.

[9] Бухари, Саум,49.

[10] Бухари, Саум,5-14.

[11] Бухари, Никах, 84-85.