Шарапты шипа үшін, тартып жіберсем бола ма?

Жауап:

Арақ-шарап адамға және оның денсаулығына пайдалы болса харам етілмес еді. Ал, харам адамға ешуақытта шипа болмайды. Хадисте: «Ақиқатында, Алла ауру мен дертті жіберді. Сондай-ақ, әрбір дертке дауа-шипа берді. Ем іздеңдер және емделіңдер. Бірақ, хараммен емделмеңдер», – делінген.

Шарап та харам боп табылады. Сусын және емдік ретінде ішуге қатаң тыйым салынады. Пайғамбардан (с.ғ.с.) Тариқ бин Суайд арақ жайлы сұрағанда, тыйым екенін айтты. Сонда ол: «Біз онымен емделеміз және емдейміз», – дейді. Алла елшісі (с.ғ.с.) оған: «Расында, ол (арақ-шарап) – дерт, шипа емес», – деп жауап берді.

Ал, қанды көбейту үшін жеміс-жидек, ет тағамдарын және балық көп жеңіз.

http://mazhab.kz/