Тәубе етсем, Алла жақсы көре ме?

Хазреті Әли бетіне түкірген адамды неге кешірді?
Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Әр күнәнің және қателіктің кафараты (өтемі) бар. Мұсылмандардың күнәларының кафараты – тәубе-истиғфар. (Тәубе – күнәларға өкіну, тыйылу және бастарту. Истиғфар – Аллаһу та’аладан кешірім сұрау дұғасы.) Құран кәрімде: «Аллаһу та’алаға тәубе-истиғфар еткен кісі міндетті түрде Оны кешіруші ретінде көреді» делінген. Пайғамбарымыз да «Көп истиғфар оқыңдар! Истиғфарды тұрақты оқитын кісіні Аллаһу та’ала аурулардан, барлық дерттен қорғайды, күтпеген жерінен ризықтандырады» деген.

Сәйид Абдуллаһ Деһлеуи хазреттерінің дәуірінде Үндістанда оба жұқпалы ауруы тарайды. Жергілікті халық Абдуллаһ Деһлеуи хазреттеріне адам жолдап, індетке қарсы дұға жазып беруін сұрайды. Ол әулие кісі қағазға бір нәрсе жазып береді. Адам қағазды алып келіп халыққа көрсетеді. Қағазда «Истиғфар оқыңдар, тәубе етіңдер» деп жазылған екен. Халық жаппай тәубе еткен кезде оба ауруы сап тыйылды.
Истиғфар оқу өте құнды. Бұл дұға апаттардан, бәле-жаладан қорғайды. Жолға шығарда міндетті түрде үш рет истиғфар дұғасын оқу керек. Яғни «Әстағфируллаһ әл-азыйм әлләзи лә илаһа илла һу-уәл хаййәл қайюмә уә әтубу иләйһ» деу керек. «Бисмиллаһилләзи лә йәдурру мә асмиһи шәй-ун фил әрди уә лә фиссәмә-и уә һуәссәмиул алим» дұғасын оқу да жер мен көкте апаттан, бәле-жаладан қорғайды. Екеуін де оқыған жақсырақ болады.
Имам Жафәр Садық хазреттері насихат сұраған Суфиян Сәури хазреттеріне былай дейді:
Көп сөздің пайдасы жоқ, тіпті зиянды болуы мүмкін. Мен аталарымнан естіген едім. Расулуллаһтан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) келген хабарлардың үшеуі мынадай: Аллаһу та’аланың ниғметіне қауышқан және бұл ниғметтің тұрақты болуы қалаған адам Аллаһқа мақтау айтуды және шүкір етуді көбейтсін! Өйткені, Аллаһу та’ала «Ибраһим» сүресінің жетінші аятында: «Ниғметтерімнің қадірін біліп, әмір еткенімдей қолдансаңдар, оларды арттырамын. Қадірін білмей, оларды жақтырмасаңдар, қолдарыңнан алып қоямын да, орнына ауыр азап беремін» деген. Адамның ризығы азайған кезде көп тәубе және истиғфар етсін! Өйткені, Аллаһу та’ала «Нұх» сүресінде тәубе және истиғфар етушілердің күнәларын кешіретіндігін және ризықтарын арттыратындығын уәде еткен. Қиыншылықта қалған немесе пәлекетке ұшыраған адам «Лә хаула уәлә қууата илла биллаһил алийил азыйм» дұғасын оқысын! Аллаһу та’алаға ант етіп айтамын, осыларды орындайтын болсаң, заттық және рухани көп ихсандарға, жақсылықтарға қауышасың.

Ақапарат алынды: http://islamdini.kz